Караоке-бардағы туған күн

Түн ортасы ауа Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон соққан адам “Royal Palace” мейрамханасының караоке-барында жанжал орын алғанын айтқан. Тексеру үшін жақын маңдағы автопатруль жіберілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 88

Баланы қағып кетті

Жазғы демалыс кезінде ба­ла­лардың жол-көлік оқиғасы сал­дарынан жарақатта­нуы­на жол бермеу полицейлер үшін ма­ңыз­ды мәселе болып табы­ла­ды. Пандемия жағ­дайында тәртіп сақшыларының мектеп­тен тыс мекемелерде балалар­мен түсіндіру жұ­мыстарын жүр­гізуге мүмкіндіктері жоқ. Кә­ме­летке толмағандардың қаты­суы­мен бола­тын жол-көлік оқи­ға­ларының алдын алу рейдтік шаралар шеңберінде жүргізі­леді. Сон­дай-ақ, полицейлер әлеуметтік желілер­дегі тікелей эфирлерде қолданушылардың сұрақтарына жауап береді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 122

Арзан тонға қызығып...

Карантин кезінде дүкендер жа­бық екенін білетін интернет-алаяқтар алдаудың жаңа әдіс­терін тапқан. Олар “Instagram” желісіне тауарлар арзанда­ты­лып сатылып жатқаны немесе жеңілдіктер жасалатыны тура­лы хабарландырулар беріп, өті­рік суреттерді көрсетіп, аңқау адамдарды алдап түсіруде. Со­ның бірі жуырда Петропавл қа­ласында болды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 91

Жауапсыз мердігер жазалана ма?

Былтыр жөнделген “Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл” бағытындағы жол жыл өтпей жатып қаз-қалпына қайта келді. Қуаныштары көпке созылмаған ауыл тұрғындары бөлінген 719 млн. теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалғанына налиды. “Сапалы жол” жобасы аясында құрылған мониторингтік топ жолдың жағдайын көріп, тиісті орган мамандары зерттеу жасауы үшін сынама алды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 117

Ізі суымай ұсталды

Петропавлдың Семашко көшесінде тұратын 54 жасар тұр­ғы­нының құны 130 мың теңге тұратын “Phoenix” маркалы ве­ло­сипедін қымқырған суық қолды ізі суымай ұсталды. Оған жа­қын арадағы аулалардың бірінде тұрған бейнекамераның көмегі тиді. Қос дөңгелекті тұлпарының қолды болғанын көрген тұрғын “102” нөміріне жедел хабарлаған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 108

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика