Айылдарын жияр емес

Алаяқ Мағжан Жұмабаев ау­данының 60 жасар тұрғынын ал­дап, оның 400 мың теңгесін жымқырған. Телефон арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған ол немересінің келеңсіз жағдайға тап болғандығын және бұл мәселені шешу үшін ақша керектігін хабарлаған. Тосын хабардан есі шыққан әйел қаскөйдің қойған барлық талаптарын орындап, көрсетілген шотқа ақша аударған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 113

Жайылымнан жоғалған жылқы

Жуырда 58 жастағы облыс тұр­ғыны полицияға жүгініп, еркін жайылымда жүрген тоғыз жылқысының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Іздестіру жұ­мыстарына қатысқан жеті қызметкер үш сағаттан соң жылқыларды Тепличное ауылының жанындағы орман ішінен тауып алды. Олар үй маңы­нан бес шақырымдай ұзап кетіпті. Жануарлар иесіне қайтарылды. Алайда, жылқыларын қараусыз жібер­гені үшін иесі жауапқа тартылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 75

Ескі әдетіне басты

Қызылжар аудандық полиция бөлімі­не қала маңындағы Пеньково ауылының тұрғыны үйінен ақша мен зергерлік бұйымдарының ұрланғандығы жөнінде шағым түсірген. Ол шығын сомасын 330 мың теңгеге бағалаған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бірнеше сағаттан соң ұрлық жасаған күдіктіні Петропавл қаласының аумағында қолға түсірді. Ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Ақтөбе облысының 33 жасар тумасы болып шықты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ

Конституция – әрбір қазақстандық үшін маңызы зор құжат. Биыл еліміздің басты құжатының қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Бұл атаулы күн қарсаңында Ата Заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қадағалап, қоғам тыныштығын сақтап жүрген әскерилердің еңбегін елемеу орынсыз болар.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 120

Еліміздің басты құжаты

Қазақстан Республикасының Конституциясы – кең-байтақ еліміздің егемендігін әлемге танытатын басты құжат. 9 тарау, 98 баптан тұратын Ата Заңымыз елдегі тұрақтылықтың тірегі, бекем бірліктің темірқазығы. Ширек ғасыр бойы замана талабына сай мемлекет құруға, қарқынды дамыған және инклюзивті экономикаға тың серпін беруге, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанына ширек ғасыр толып отырған Ата Заңымыз мемлекеттілігіміздің сенімді іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты орнықтыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Халықтың бірлігі, қоғамдық және рухани келісім секілді баға жетпес құндылықтарымыз еліміздің дамуы мен гүлденуінің зор жетістігі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды”, – деп үлкен баға берген болатын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 117

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика