ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар Жолдауда сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, оның алдын алу мәселелеріне көңіл аудару қажеттілігі айтылған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті уәкілетті орган ретінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды төмендету, оның алдын алу жолдарын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында облыстық департаменттің мамандары мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, оның алдын алу бойынша 30 ұсыныс енгізді, оның 13-і нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты, ал қалған 17-сі мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне байланысты болды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша департамент мамандары жүргізген мониторинг нәтижесінде облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері кездесетіні анықталды. Сондай-ақ, мониторинг бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Осындай құқық бұзушылықтар жиі жасалатын жер қатынастары мен тұрғын үй шаруашылығы салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, біздің мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, құқық бұзушылықтардың кез келген көріністеріне “нөлдік төзімділікті” және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған 242 шара ұйымдастырды. Осы бағытта “Адал жол”, “Саналы ұрпақ”, “Қоғамдық бақылау картасы”, “Адал азамат – жарқын болашақ” сияқты жобалар жүзеге асырылуда.
Аталған жобалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне азаматтық қоғамды тартумен қатар, тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

Нұрбану ЖҮКЕНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика