ЖӨНДЕУ ЖЫЛ СОҢЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Жуырда бір топ жүргізуші ашық бюджеттің интерактивті картасына шағымдарын қалдырыпты. Солтүстікқазақстандықтар "Петропавл – Қорған" бағытындағы тас жол бойында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына алаңдаушылық білдірген.

"Петропавл мен Мамлюка ара­сын жал­ғайтын жолда жөндеу жұ­мыстарының бас­талғанына екі жыл­дан асты. Әлі қашан аяқтала­тыны белгісіз. Көлігіміз сынып, жүй­кеміз тозып бітті. "Бұл жол қашан жөн­деліп бітеді екен?" деген сауал бәрімізді мазалайды. Аталмыш мәселені бақылауға алсаңыздар екен", – делінген хатта.

Аталмыш шағым облыстық жо­лаушы­лар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасына бағыт­тал­ды. Порталдың үй­лестірушісі болып табылатын Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің маман­дары "ҚазАвтоЖол" акцио­нерлік қоғамы облыс­тық филиалына да ресми сауал жіберді. Тапсырыс бе­рушіден келген жауапта бар­лық орын алған кедергілерге қарамас­тан, жөндеу жұмыстарының жыл соңына дейін аяқталатыны атап айтылған.

"Тас жолдағы жөндеу жұмыста­ры 2019 жылдың соңына дейін аяқ­талуы тиіс бола­тын. Дегенмен, мер­дігер компаниялардың келі­сім­шарт талаптарын толық орын­да­ма­уының нәтижесінде сотқа шағымдануы­мызға тура келді. Осыған байланысты жұ­мыстарды аяқтау уақыты биылғы жылдың со­ңына дейін шегерілді. Ел бюджетінен 6,63 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат барлық жұ­мыстарды уақы­тында әрі сапалы жүргізуге жеткілікті", – делінген ресми жауапта.

Бүгінгі күні ашық бюджеттің ин­терак­тив­ті картасында Солтүстік Қазақстан об­лы­сы бойынша 2019-2020 жылғы 437,6 мил­лиард теңге бюджет қаржысы туралы ақ­па­­рат жарияланған. Тағы 10 мемле­кет­тік ме­кеменің бюджеті бұл картада моде­ра­циядан өтуде. Ашық бюд­жеттердің ин­те­рактивті картасы аза­маттық бақылауды кү­шейтуге және тұрғындарға бюджет қар­жы­сының жұмсалуын бақылауға мүм­кіндік бе­ре­ді. Атап айтқанда, құры­лысқа, әлеу­мет­тік нысандар­ды жөндеуге бюджеттен қан­ша қаржы бөлінгенін, құрылыс мерзі­мін, ке­піл­дік міндеттемелерді, жеткізіп бе­ру­ші­лердің тізімін осы сайттан кө­руге бо­лады.

Жан АЙТМАҒАМБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика