Тегеурінді қимыл керек

Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті превенция және адалдық басқармасының маманы Светлана Зайцева өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық жағдайларының азаймай отырғанын, соған орай жоюдың пәрменді тетіктерін ұсынғанын атап өтті. Әскери қызметшілер арасында да бұл бағыттағы жұмыстарды ширатып, жаңа серпін беру қажет. Қорғаныс жүйесінде орын алған кей келеңсіз жайттар тегеурінді шаралардың қолданылуын талап етеді.

Түрлі қылмыстар ішінде парақорлық және бюджет қаражатын жымқыру жиі кездеседі. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстық істер көрсеткіші үш есе көбейген. Қорғаныс министрлігінің 7 лауазымды тұлғасының бас бостандығынан айрылуы заң нормаларының қатаң сақталмайтынын көрсетеді. Мұндай іс-әрекеттер армияға көлеңке түсіреді, елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылыққа да төнген қауіп.

Басқарма маманы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшының қатаң жазаға тартылатынын еске салды. Мемлекеттік органда немесе қандай да бір нақты бөлімшеде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелсе, алдымен лауазымды тұлғалардан сұралады.

Семинар соңында қорғаныс істері департаментінің өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Жан АЙТМАҒАМБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика