Озық технологияны меңгерген ұры

Соңғы жылдары бөгде адамның мүлігіне қол салушылар озық тех­ноло­гияларды меңгере бастаған. Автодабылдағыштың кодын оқитын құрылғыны қолдану арқылы көлік ішіндегі құнды заттарды қолды қылу қылмысы соның бір дәлелі.

Осы айдың басында Петропавл қа­лалық полиция басқармасына қала тұрғыны №10 орта мектептің жанында қалдырған “Mitsubishi” автокөлігінің са­лонынан банк карталары мен ақшасы ұрланғаны жайлы арыз жазған. Келтірілген шығын сомасы – 150 мың теңге. Криминалистер көліктің есігін ешкім бұзып кірмегенін анықтаған.

Тағы бір қала тұрғынының Ыбырай Алтынсарин көшесіндегі үйінің маңында тұрған “Nissan Аlmera” автокөлігінен әмияны із-түзсіз жоғалған. Әмиянда құжаттар мен 22 мың теңге ақша болған. Полицейлер жаңа технологиялық құралмен жарақталған көлік тонаушы пайда болғанын біліп, ізіне түскен. Ұры негізінен балаларын мектепке немесе балабақшаға апаратын ата-аналардың көлігін торуылдағаны анықталған. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде оның қолына кісен салынды. Ол бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 56 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Полицейлер одан автодабылдағыштың кодын оқитын электронды құрылғыны тәркіледі. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі қайтарылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика