Мал ұрлығы алпыс пайызға азайды

Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығының бетін ашты. Маусым айының басында Қаратал ауылының 54 жастағы тұрғынының қорасынан торпағы жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн бойы іздеп, таба алмаған. Ақыры қамаудан секіріп шығып кеткен шығар деген оймен іздеуді доғарған. Тіпті, полицияға да жүгінбеген.

Жақында полиция қызметкерлері одан: “Мал жоғалтқан жоқсың ба?” деп сұрағанда, оның таңданысында шек болмады. Торпақ ұрланған екен. Бұл Шал ақын және Жамбыл аудандарында орын ал­ған бірнеше мал ұрлығын тергеу барысында анықталды. Екі бұзау ұрлаймын деп қолға түскен күдіктілер тергеу барысында басқа да қылмыс жасағандарын мойындады. Олардың төрт бірдей мал ұрлығына қатысы бар болып шықты. Қазіргі уақытта ауыл тұрғынына келтірілген шығынның орнын толтырып, 350 мың теңге төледі. Риза болған ауыл тұрғыны аудандық “Новатор” газеті арқылы күдікті­лерді іздеуге және тергеуге қатысқан аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжановқа және жеке құрамға ризашылығын білдірді.

Жыл басынан бері облыста мал ұрлығы 60,3 пайызға азайды. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 63 дерек тіркелсе, қазір 27 факті. 12 қылмыстың беті ашылды, қалғаны қаралуда.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика