Абаттандыру ережелерін бұзған

Солтүстік Қазақстан облысында биыл абаттандыру ережелерін бұзған 9256 адам анықталса, соның тек 44-іне ғана айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, абаттандыру ережелері көп жағдайда жеке секторда бұзылады. Тұрғындар пластик бөтелкелерді, пакеттерді, тамақ пен құрылыс қалдықтарын заңсыз төгуден қоқыс үйінділері пайда болады. Ал бұл көше көркін бұзып қана қоймай, санитарлық жағдайға әсер етуі мүмкін. Мүдделі органдар мен тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жиі рейдтер өткізеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарумен Петропавлда 6 ұйым айналысады. Көшелер мен саябақтардағы тәртіп пен тазалық көше тазалаушыларға ғана емес, тұрғындарға да қатысты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, саяжайшылардың барлығы бірдей қоқыс шығаруға жауапкершілікпен қарамайды. Сондықтан маусым соңында саяжай қауымдастықтары маңында үйілген қоқыс қалады. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер өз аумақтарындағы аулаларды тексерді. Учаскелік инспекторлардың міндеті – айыппұл салу емес, жауапкершілік жайында тұрғындарды ескерту.

Жыл басынан облыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабын бұзғаны үшін 9256 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 44-не айыппұл салынды, өзгелеріне ескерту берілді.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы қыркүйек айының басында басталып, 1-ші желтоқсанға дейін жалғаспақ. Іс-шара аясында учаскелік инспекторлар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы, сондай-ақ, есепте тұрғандар, жасөспірімдер, ішкілікке салынғандар арасындағы тәртіпке де қарайды. Полицейлердің міндеттерінің тағы бірі – әкімшілік учаскелеріндегі тұрғындармен танысып, өздерінің байланыс мәліметтерін тарату.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика