249 білім беру нысаны күрделі жөнделді

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 249 білім беру нысаны күрделі жөнделсе, соның 52-сі биыл жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалының мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстары туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтып берді.

Қазіргі таңда 38 нысан бойынша жұмыстар аяқталды, 9 оқу орнында аяқталуға жақын, бесеуінде сыртқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар - Ақжар ауданының Май орта мектебі, М.Жұмабаев ауданының Чистовское және Полудино орта мектептері, Мамлют ауданындағы Андреевка мектебі және Тайынша ауданындағы Амандық мектебі. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша ең көп дегенде қарашаның басында аяқталуы тиіс.

«Соңғы екі жылда СҚО-да 10 млрд теңгеге 249 білім беру нысаны күрделі жөнделді. 2021 жылы 4,1 млрд теңгеге 52 оқу орнында толық жөндеу жүргізілді, оның 46-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Биыл жөнге келтірілген нысандардың 42-сі мектеп, 5 колледж, 2 балабақша және 3 облыстық мекеме бар», - дейді Татьяна Протопопова.

Маманның айтуынша, 2025 жылға дейін облыстың тірек елді мекендерінің 260 орта мектебін химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 321 мектеп физика пәні кабинеттерімен, 255 мектеп химия кабинеттерімен, 253 мектеп биология кабинеттерімен жабдықталған, 105 мектепте лингафондық-мультимедиялық кабинеттер бар.

«14 пән кабинеттерін сатып алу жоспарланған. Физика, биология пәндерінің 8 кабинетіне 50 млн теңге қаражат бөлінді. Үнемдеу есебінен 28 млн теңгеге тағы 6 кабинет сатып алынбақ. Жыл соңына дейін пәндік кабинеттер толық көлемде сатып алынады», - дейді білім басқармасы басшысының орынбасары.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика