Қызыл жалыннан қауіп көп

Жыл басынан бері өңірімізде өрт саны 12 пайызға көбейіп, 528 оқиға тіркелді. 39 адам “тілсіз жаудың” құрбаны болса, 35 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Владимир Хутинаев журналистердің қатысуымен өткен брифингте айтып өтті.

Облыс орталығындағы жағ­дай да алаңдатуда. Үстіміздегі жылғы сегіз айда 130 өрт оқи­ғасы орын алып,12 адам көз жұмды, 18 адамды түрлі дәре­жеде күйік шалды. Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Шал ақын аудандарында және Петропавл қаласында тұрғын үйлер мен ғимараттардың қызыл жалынға орануы жиі кездеседі.

Өрт көбіне қауіпсіздік ереже­лерін сақтамаудан, электр же­лі­лерінің зақымдануынан, жы­лу пештерін дұрыс пайдалан­бау­дан тұтанған.

Майгүл СЕЙІЛБЕК.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика