Мониторингтік топтар мыңнан астам нысанды тексеріп, 20 адамды жазалады

Солтүстік Қазақстан облысында тек қыркүйек айында мониторингтік топтар 1035 нысанды тексеріп, 20 адамға 1,2 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, шектеу талаптарын бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Облыста 23 мониторингтік топ бар. Олар қыркүйекте 200-ге жуық рейд өткізіп, 1035 нысанды тексерді. Нәтижесінде 20 адам жалпы сомасы 1,2 млн теңге айыппұл төледі.

Үй карантині режимін бұзған адамдар да анықталып жатыр. «Қызыл», «сары» мәртебесі бола тұра Ashyq енгізген нысандарға кіруге тырысқан 54 адам жауапқа тартылды.

«Бүгіннен бастап шектеу шараларын жеңілдетіп жатырмыз. Алайда, сақтықты ұмытпаған жөн. Вирус жойылған жоқ, ол қасымызда және өте қауіпті. Онымен тек вакцинация арқылы, сонымен қатар маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, әлеуметтік байланыстарды төмендету сияқты ережелер арқылы ғана күресе аламыз. Халықты вакцинациялау қарқынының төмендеуі эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етеді, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, салдарынан вирус вакцинацияланбаған халық арасында тез таралады. Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа, біз қатаң шектеулерге жүгінуге міндеттіміз», - дейді Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, өңірде вакцина қойғызу деңгейі төмендеп кеткен. Тәулігіне орта есеппен 400-500 адам ғана екпе алады.

Жалпы СҚО-да 240 374 адам бірінші компонентпен егілді, 216 922 екінші компонентті алды.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика