ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Облыс орталығында қалалық жастар ресурстық орталығы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жоба­лық кеңсесінің өкілдері “Сақтан” акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жемқорлықтың алдын алу.

– Облыс тұрғындары егер де қандай да бір жемқорлық фактісін көрген, не естіген болса, 1424 нө­міріне хабарласуы керек. Қоңырау шалған адамның аты-жөні ешқайда жария етілмейді. Барлығы анонимді түрде өтеді. Егер де факті дәлелденіп, сотқа жететін болса, онда ол адамға сыйақы беріледі. Ақшалай қолдаудың мөлшері алынған параның 10 пайызын құрайды, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлфараби Мыңбай.

Алдияр АЙТПАЕВ. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика