Қауіпсіздік сабағы

Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғаларынан 3 бала және 28 жасөспірім көз жұмды. Мұндай қайғылы фактілерді бол­дырмау мақсатында Петропавлдағы облыстық қуыршақ театрының әртістері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндірді.

Шара “Назар аударыңыз, бала­лар!” деген атаумен шағын спектакль түрінде өтті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоспарлы акция өңірдің барлық мектептерін қамтымақ. Қауіпсіздік сабақтарының бірі қаладағы №2 орта мектепте ұйымдастырылды. Қуыршақ театрының әртісі балаларға Сергей Михалковтың шығармасының кейіпкері “Степа ағай” кейпінде келіп, жаяу жүргіншілер білуге міндетті қауіпсіздік ережелер туралы айтып берді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”. 

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика