Қызылжарлық көрерменге тарту

Өңірімізге 30 қыркүйек пен 5 қа­зан аралығында Алматы қаласынан М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапармен келеді. Өнер майталмандары Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында қызылжарлық көрерменді тамаша туындылармен қуантпақ.

Қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов театрының репертуарынан ұсынылатын алғашқы қойылым 30 қыркүйек күні болады. “Жүз жылдық махаббат” спектаклінің авторы жазушы, драматург Дулат Исабеков. 1 қазан күні ұлтымыз үшін маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның болашағы мәселесін күлкі призмасынан қарастыратын көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтің “Бес бойдаққа бір той” комедиясы қойылады. Ал қа­занның 2-сі күні режиссер Асхат Маемировтың “Қоштасқым келмейді!..” қойылымы көрерменге жол тартады. Өнер ұжымы жерлестерімізге 3 қазанда театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі И.Сапарбайдың “Сыған серенадасы” музыкалық драмасын ұсынбақшы. Көркемдік жетекшісі КСРО халық әртісі, Қа­зақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов. 4-5 қазан күндері “Жаужүрек” және “Қара” драмасы ұсынылады. Қойылымдардың барлығы кешкі сағат 19.00-де басталады. Гастрольдік сапар аясында Алатаудың баурайынан келетін шығармашылық ұжымның өнерін тамашалаудан қапы қалмаңыз!

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика