САҚИНАСЫ АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН

Петропавлдық құтқарушылар кішкентай бала мен студентке көмек көрсетті. Екеуі де қиын жағдайға тап болған.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Бостандық көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде бір жарым жастағы баланың пәтерді іштен жауып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қиын жағдайға тап болған баланы анасымен қауыштырды. Сол күні түнгі сағат үште құтқарушылар 20 жастағы студентке сақинасын шешуге көмектесті. Жас жігіт сақинасы түсіп қалмау үшін оның астына кішкентай таяқша қыстырып қойған. Нәтижесінде оң қолының саусағы ісіп кетіп, сақина алынбай қалған.

– Құтқару шарасы 12 минутқа созылды. Саусақты зақымдап алмау үшін металл пластинаны сақинаның астына қойып, содан кейін оны темір кесетін араның көмегімен ақырын кестік, – дейді құтқару бөлімшесінің басшысы Виктор Державанский. Оның айтуынша, бұрын да мұндай жағдайлар орын алған. Жыл басынан бері осы тектес 6 өтініш түскен, көмекке жүгінгендер­дің дені нәзік жандар. Бірде құтқарушыларға керамикадан жасалған жүзікті шешуге де тура келген.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика