Ashyq арқылы карантин талабын бұзған 150-ден астам тұрғын анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» және «сары» мәртебемен қоғамдық орындарда жүрген 172 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың айтуынша, өңірде Ashyq жүйесі жақсы жұмыс істеп тұр. Коронавирусты жұқтырған және ауырған адаммен байланыста болған тұрғын қоғамдық орынға кірген жағдайда, нысан бағдарламаға қосылған болса, бірден көрсетеді.

«Қызыл» мәртебесі бар адамдар – олар ауырғандар. Мұндай тұрғындар вирусты таратпай үйде отырып, ем алулары қажет. Ал «сары» мәртебесі барлар – байланыста болғандар, олар вакцинациялау курсынан өтпеген жағдайда 14 күнге үй карантиніне отырғызылады. Алайда олардың кейбірі жағдайына қарамастан үйреншікті тұрмыс салтын өзгерткісі келмейді. Басқаларға қауіп төндірсе де қоғамдық орындарға барады. Карантин режимін бұзғандар жауапкершілікке тартылады», - дейді Татьяна Горлова.

СҚО-да Ashyq қосымшасы арқылы «қызыл» мәртебесі бар – 96, «сары» мәртебесі бар – 76 адам анықталған. Енді оларға айыппұл салынбақ.

Қазіргі уақытта өңірде 2 мыңнан астам нысан Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Олардың 590-ы тестілеуден өтіп жатыр. Жүйеге қосылғандарға бірқатар жеңілдіктер бар.

Бұған дейінСҚО-да 50-ге жуық кәсіпорынның Ashyq-тан шеттетілгенін айтқан едік.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика