76 мың тонна улы зат ауаға тараған

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінде мамандар өткен жылы ауаға қанша және қандай зиянды заттардың тарағанын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, былтыр өңірдегі барлық ластау көздері 1,2 млн тонна улы зат шығарған. Бұл, 2019 жылмен салыстырғанда 0,8% көп.

Зиянды заттардың басым бөлігі тазарту нысандарына түскен, соның нәтижесінде улы заттардың 94% қоршаған ортаға тараған жоқ. Ал қалған 76 мың тоннасы атмосфераға кеткен. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары.

«Тараған зиянды заттардың жалпы көлемінің 68% газтәріздес және сұйық заттар. Соның ішінде 35% күкіртті ангидрид, 23% жуығы құрамында кремний қостотығы, көміртек тотығы және азот диоксиді бар органикалық емес тозаң», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Жалпы СҚО-да ауаға зиянды зат бөлетін 15 056 стационарлық ластау көзі бар. Олар 2 200-ден астам кәсіпорында орналасқан.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика