7,5 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3,5 мыңға жуық түрлі іс-шара өтті, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында 7,5 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және Солтүстік Қазақстан облысында «Игі істер марафоны» республикалық акциясын іске асыру» тақырыбында брифинг өтті.

СҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бағдат Мұқанованың айтуынша, мерейтойға байланысты жыл басынан бері облыс бойынша 3490 іс-шара жүзеге асырылды. Оның ішінде халықаралық деңгейде - 1, республикалық деңгейде - 8, облыстық деңгейде - 943, қалалық деңгейде – 756, аудандық деңгейде – 1782 іс-шара өткен.

«Іс-шаралар карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

«Отан 2021» әскери-патриоттық лагері жұмыс істеді, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Үміт» спартакиадасы өтті. БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған спартакиада да, полиция қызметіне жаңа автокөліктер табыс ету рәсімі де мерейтой аясында өтті. Екінші жарты жылдыққа да бірнеше үлкен іс-шара жоспарланған. Соның ішінде «Ордасы ұлы Абылайдың» атты көрме, «Бабалар ұлағаты» атты жыршы-термешілердің республикалық байқауы, облыстық «Ақ бидай» спорт мерекесінің ақтық кезеңі, кикбокстен ҚР кубогі бар», - дейді Бағдат Мұқанова.

Президент Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Игі істер марафоны» республикалық акциясы аясында СҚО-да 660 қайырымдылық шарасы өтіп, 7,5 мың адамға көмек көрсетілді. Бұл жұмыстарға өңірде 300 волонтер тартылған.

«Волонтерлер жалғызілікті қарттарды, мүгедектерді қамқорлығына алған. Қыста аулаларын қардан тазалап, үй жұмыстарына көмектессе, қазір отын жаруға, маңайды жөнге келтіруге көмек қолын созады. Наурыз мейрамында волонтерлер коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық бауырсақ пен шай таратты. Сәуір айында өңірге тоқтаған бірқазандарға жемазық тауып беру үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Бұдан басқа экологиялық, қан тапсыруға шақырған акцияларды өткізіп тұрады. Қаңғырған үй жануарларына арналған орындарды да назарға алған», - дейді СҚО Ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму және ақпарат орталығы Жастар бастамалары бөлімінің басшысы Анастасия Волкова.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика