Вакцинаны толық алғандар саны 117 мыңнан асты

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 117 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста КВИ-ге қарсы екпенің бірінші компонентін 186 799 адам алған. Бұл – егілуі тиіс халықтың 60 %. Толық курстан өткендер саны – 117 087 адам.

«Жалпы соңғы аптада СҚО-да 684 адам коронавирусты жұқтырды.

Олармен байланыста болған 1 138 адам анықталды. 288-і вакцинациядан өткендер. Бұлар үй карантиніне жатқызылмайды. Тағы бір ерекшелігі – ПТР-сынама тапсырмайды. Медициналық қызметкерлер оларды бақылауға алды. Араларында ауырғандар жоқ. Вакцинацияның оң әсері де осы», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Бұған дейін өңірде коронаврус жұқтырғандар санының артқанын айтқан едік.

«Барлығымыз түрлі шектеулерден шаршадық. Жағдай ушықпауы үшін, қайтадан «жасыл» аймаққа өту үшін тұрғындарды азаматтық ұстаным көрсетіп, вакцина алуға, қоғамдық орындарда маска киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырамын. Той-томалақтан бас тартайық. Тек сол уақытта ғана біз қауіпті инфекцияның таралуын тоқтата аламыз», - деді Әсет Жұматаев.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір инфекциялық стационарларда 517 сырқат ем алып жатыр. Олардың 31-інің жағдайы нашар. Ауруханадағы орындар 43 %-ға толған.

Коронавирустың таралуына тоқтау салу үшін өңірде 26 шілдеден бастап шектеу шаралары күшейтіледі.

https://www.inform.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика