Ең жоғары ұпай — 130

Қазір мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуде. Биыл емтиханды ұйымдастыруда бір­қатар өзгерістер бар. Біріншіден, ҰБТ-ны компьютер арқылы тапсы­руда, екіншіден, өтетін орнын, уа­қыты мен күнін әр үміткердің өз бе­тінше таңдауына мүмкіндік берілді. Үшіншіден, білім беру грантын та­ғайындау конкурсына екі рет қаты­са алады. Сондай-ақ сынақ мерзімі де өзгертілді. Бұрынғыдай 3 күн емес, 6 мамырдан 30 маусымға де­йін 2 айға жалғасады. Өтініштерді қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады.

Облыста биыл 3412 түлек мектеп бітірсе, солардың 2452-і тест тапсыруға өтініш берді. Жамбыл ауданындағы Ново­ры­бин­ка орта мектебінің түлегі, “Ал­тын белгі” иегері Иван Коваль 130 ұпай жинап, ең жоғары көрсет­кіш­ке ие болды.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика