Күміс жүлдемен оралды

Жақында Алматыда тұғыр­лы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясы­ның ауыспалы кубогі үшін рес­публикалық пікір­сайыс тур­нирі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жи­налған жастар арасында М.Қо­зыбаев атындағы СҚУ-дің сту­дент­тері де болды. Жалпы сайыс­қа республика­мыз­дың әр өңірінен қазақ, орыс ли­галарының 36 ко­мандасы қатысты. Жастар турнир барысында қоғамдағы өзекті мә­се­лелерді кө­теріп, өз пікірлерін ор­таға салды. Бұл турнир барлық қа­тысушылар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Жастар бір-бі­рімен тез тіл табысып, кездесу соңы дос­тық­қа ұласты. Айтулы жиында өңір на­мысын қорғаған “Се­вер помнит” фракциясы күміс жүлдегер атан­ды. Жастар шара со­ңында ұмы­тылмас әсерге бөлеген турнир ұйымдастырушыларына өз риза­шылықтарын жеткізді.

Айнұр ДОСАН,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 1-курс студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика