Суретке түсеміз деп суға кетті

Күн ысығалы Қызылжар өңірінде оқыс оқиғалар жиілеп кетті.

Сенбі-жексенбіде Петропавлда 3 бірдей өрт шығып, арнайы қызмет­тің көмегімен сөндірілді. Жексенбі күні түс кезінде Павел Васильев көшесіндегі 61-үйде от шығып, 150 шаршы метрді шарпыған. Ауладағы қоршау мен қойылған көліктердің кесірінен өрт сөндірушілер бірден жұмысқа кірісе алмай, біраз кешеуілдеген. Абырой болғанда, адамдар аман. Қазір өрттің залалы анықталуда. Бұл өртті өшіріп болмастан Мағжан Жұмабаев көшесіндегі жеке үйдің де отқа оранғаны туралы хабар түсті. Ал сенбі күні қала сыртында қамыс өртеніп, құтқарушыларды біраз әбігерге салған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күннің күрт ысуына байланысты өрт қаупі артқанын ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақыруда.

23 мамар күні Қызылжар ауданы аумағындағы “Сосновый бор” де­малыс орнына жақын жерде студент қыз бен ұстазы суға кетті. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 4 курс студенттері мен 1994 жылы туған оқытушы Есілдің жағасында суретке түспек болған. Аяқтары тайып суға құлаған екеуін асау ағыс ағызып әкеткен. Құтқарушылар үш сағат дегенде екеуінің денесін судан алып шықты.

Құтқарушылардың айтуынша, өңірде суға шомылуға арналған 58 арнайы жағажай бар. Тек сол аумақтарда ғана шомылуға рұқсат берілген. Күн ысығанымен су әлі жылына қойған жоқ. Жағада сақтық шараларын ұмытпаған жөн.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика