Егіс алқабын аралады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болып, көктемгі егіс барысымен танысты.

Алдымен өңір басшысы Чермошнянка ауылдық округіндегі “Степноишим тәжірибе станциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарын аралады. Серіктестік бас директорының орынбасары Павел Рафальский Құмар Іргебайұлын көктемгі егіс науқанының барысымен таныстырды. Бұдан кейін Құмар Ақсақалов былтырдан бері 50 мың басқа арналған жаңа кешеннің құрылысы жүргізіліп жатқан “EMC Agro” ЖШС-нің шошқа фермасында болды. Ал жұмыс сапарының соңында “Астық-STEM” ЖШС-нің тамшылатып суару әдісі қолданылатын алқаптарымен және Вишневка ауылындағы 120 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика