Өшпес ізі қалды

С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Зор талант иесі” деген атаумен өткен әдеби кеш белгілі өнер қайраткері, жазушы, ұлттық драматургияның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Шахмет Құсайыновтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Айыртау ауданындағы Қоскөл ауылында 1906 жылы дүниеге кел­ген жерлесіміз 50-ге тарта пьеса, үш киносценарий, екі киноповесть, ондаған әңгіме, жүздеген мақала жазып, артына өлмес мұра, өшпес із қалдырды.

– Шахмет Құсайынов 1923 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық техникумға оқуға түсіп, “Бостандық туы” газетінде екі жылдай жұмыс істеді. Кейін “Көкшетау правдасы” газетінде біраз жыл еңбек етті, – деген М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жанбай Қадыров қаламгердің шығармашылығы жайлы сөз сабақтады.

Шахмет Құсайынов шығармаларының басты тақырыбы – туған жер. Әр туындысынан жазушының елге деген сүйіспеншілігін аңғаруға болады. Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Отырыс соңында жиналғандар назарына “Халқымыздың ардақты перзенті” атты кітап көрмесі ұсынылды.

Индира АХАТҚЫЗЫ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика