Жатақхана құрылысы

Кез келген құрылысты жүзеге асырарда бірінші кезекте міндетті алғышарттар талап етіледі. Оның басты­ларының бірі­ – жобалық-сме­талық құжаттаманың (ЖСҚ) болуы. Бұл өлшем студент­терге арналған жатақха­налар құрылысында маңыз­ды орын алады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері ко­митетінің тапсырысымен “Үлгілік және тәжірибелік жо­балаудың ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-і (Тұрғын үй институты) 2015 жылы 104, 184 және 244 орындарға арналған 3 студенттер жа­тақханасының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзір­леген болатын.

2018 жылы үшінші әлеуметтік бастама жарияланып, мемлекет 2022 жылдың соңына дейін сту­денттерді 75 мың орындық жаңа жатақханалармен қамтамасыз ету міндетін қойды. Сөйтіп, құ­рылыс көлемі мен санының ар­туына байланысты жаңа ЖСҚ-ға қажеттілік туындады. Осыған орай, 2020 жылы Білім және ғы­лым министрлігінің өтініші бо­йын­ша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы іс­тері комитетінің тапсырысымен “ҚазҚСҒЗИ” АҚ-ы 5 климаттық кіші аудандар үшін 500 орындық студенттер жатақханасының жобалық-сметалық құжат­та­ма­ларын дайындауда. Жоба ғы­лыми-техникалық кеңестің оң қо­рытындысын алып, мем­лекеттік сараптамаға жолданды.

Жобаның артықшылықтары көп, атап айтқанда, жатақхана ғи­маратында жатын орындардан бөлек компютерлік оқу залдары, интернет клуб, буфет, спорт зал­дары, медициналық стационар орналастыру жобаланған. Осы­лайша, кәсіпкерлердің құрылыс жұмыстарына жұмсайтын шы­ғындары барынша оңтайлан­дырылды. Әр студентке тұрғын алаңның үлестік көрсеткіші 11,2 шаршы метрден 7,8 шаршы метрге төмендетілген. Жалпы алаңның үлестік көрсеткіші, сәй­кесінше, 21,9 шаршы метрден 15,2 шаршы метрге дейін азай­тылған. Бұл, өз кезегінде, жобаға заманауи құрылыс материал­дарын пайдалана отырып және барлық құрылыс, санитарлық талаптарды сақтау арқылы әрбір орын үшін 1 млн.теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа ЖСҚ аясында бір төсек-орынның құны орта есеппен 2,5 млн. теңгені құрайды деген сөз. 500 орындық студенттер жатақ­ханасының жобалық-сметалық құжаттамасы кәсіпкерлер мен құрылысшылардың және сту­денттердің де көңілінен шығады деген сенім мол.

104, 184 және 244 орындарға арналған студенттер жа­тақ­ханаларының және әлеу­меттік бастама аясында сәтті жүзеге асқан жеке үлгілік жобалардың жобалық-сметалық құжат­тама­ларын https://studdom.fin­cen­ter.kz/#bank сілтемесі арқы­лы жүктей аласыздар.

Олжас БАЙҒОЖИН,

“Қаржы орталығы” АҚ-ның төрағасы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика