Қармағыңды сайла, балықшы!

Мамырдың 16-нан бастап өңіріміздегі көлдерде балық аулуға рұқсат беріледі. Осыған дейін 1 ай бойына, яғни сәуірдің 15-нен уылдырық шашу кезеңі болғандықтан шортан, ақсерке мен көкқайранды аулауға тыйым салынған болатын. Енді алабұға, торта, шортан, ақ­қайран, көксеркеге ау құрып, қармақ сала беруге болады. Тек мамырдың 20-на дейін сазан аулауға рұқсат жоқ.

Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімінің бас маманы Евгений Суворовтың айтуынша, Есіл, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салаларында мамырдың 20-на дейін балық аулауға тыйым салынды. Бұл шектеуді бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында әуесқой балықшыға тек 5 килограмм ғана ұстауға рұқсат етіледі. Әр балықшы өзімен бірге жеке бас куә­лігін алып жүруге міндетті.

Сағындық МАУҒАЗИН

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика