Облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 399375 азамат енгізіліп, оның ішінде 301664 адам немесе 75,53 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 296447 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 494 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 7244 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға төрт саяси партия қатысты. Саяси партиялар үшін дауыс беру нәтижесі мынадай:
“Nur Otan” партиясы – 228558 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 78,13 пайызы;
“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 25394 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,68 пайызы;
Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы – 30651 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,48 пайызы;
“ADAL” саяси партиясы – 7918 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,71 пайызы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былай бөлінді:
“Nur Otan” партиясы – 24 мандат;
“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3 мандат;
Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы – 3 мандат.


Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика