АВТОБУС ӨРТЕНДІ

24 қараша күні таңертең Петропавлда автобус отқа оранды.

“101” телефон нөміріне Шухов және Жамбыл көшелерінің қиылысында 22-бағытқа қатынайтын “Shaolin” маркалы қоғамдық көліктің жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар төтенше жағдай орнына жеткен кезде автобус моторының алдыңғы бөлігі отқа оранған екен. Өртсөндірушілер жалынды он алты минуттың ішінде ауыздықтағанымен, көліктің алдыңғы әйнегі, бампері және салоны бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.
Департамент мамандары барлық көлік жүргізушілерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Көліктің техникалық жай-күйін, әсіресе, электр сымдарын ұдайы тексеріп отыру қажет. Оқыс оқиға орын алған жағдайда бірден “101” немесе “112” телефон нөмірлеріне хабарласқан жөн. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика