ЗАҢСЫЗ ПОЛИГОНДАР ЖОЙЫЛАДЫ

Ғарыштан жасалған түсірілім өңірімізде рұқсат етілме­ген 600-ден астам қоқыс орнының бар екенін көрсетті.

Рұқсатсыз қоқыс төгілген учас­келерді тазартуды бақы­лау мақсатында былтыр бірқа­тар аудан басшыларына хат жол­да­нып, хаттама да толты­рыл­ған екен. Әйтсе де, тап­сырма толық орындалмаған.
Былтыр Энергетика ми­нистр­лігінің және “Қазақстан ға­рыш са­пары” ұлттық компания­сы” ак­цио­­­нерлік қоғамының ара­сында келісімшартқа қол қо­йыл­ып, оның аясында қалалар­дың айна­ла­сындағы қоқыс төгетін орын­дар жер серігінің көмегімен тек­серілетін болды.
– waste.gharysh.kz порта­лы­на кіріп, рұқсатсыз төгілген қо­қыс үйінділерін көруге болады. Был­тыр облыста ғарыш мони­то­рин­гісіне сәйкес рұқсат етіл­меген 863 қоқыс орны анықтал­ды. Биыл олардың саны 614-ке аза­йып отыр, – деді облыстық эко­ло­гия департаментінің бө­лім бас­шысы Жасыбай Шай­мер­денов. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика