ӘН — КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері фьюжн форматында онлайн концерт қойды. Өнерпаздар лирика, опера, осызаманғы және пат­риот­тық жанрда әндер орындап, "Instagram" желісі арқылы тыңдармандардың көңілін көтеруге тырысты.

Кеш ұйымдастырушысы Данияр Құстанов айтулы концертті үш ай бойы дайындаған. Ол қазіргі пандемия жағдайында тыңдарман­дардың көңілін аулау мақсатында қазақстан­дық әншілермен қатар әлемдік сахна саң­лақтарының репертуарларынан үздік туын­дыларды бағдарламаға енгізген. Ол әріптесі Динара Таушевамен бірге ресейлік әншілер Валерия мен Егор Кридтың эстрада жан­рындағы танымал туындысын орындады. Бұ­дан соң ерлі-зайыпты Асхат пен Динара Тау­шевтар Анна Нетребко мен Филипп Кирко­ровтың "Голос" әніне кезек берді. "Бұл ән біз­ге өте жақын. Өйткені, онда біз сияқты ғашық­тардың сезімі, бір-біріне деген сыйластығы туралы айтылады. Бүгінгідей күрделі жағ­дайда ешбір қиындық өмірімізге, көңіл күйімізге дақ түсірмеуі тиіс. Біз тыңдарман­дарға туынды арқылы осы ойымызды жеткізгіміз келді", – дейді әншілер. Шарада өнерпаздар туған жер, достық және ана тақырыбы туралы шығармаларды да қалыс қалдырмады. 
Желі пайдаланушылары арадағы қашық­тыққа қарамастан сүйікті әншілерін қолдап, концерт барысында өздерінің жылы лебізде­рін білдірді.

 

Гүлбике КУБЕНОВА, 

"Soltústik Qazaqstan".
СУРЕТТЕ: концерттен көрініс.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика