Үздік мамандар

"Рухани жаңғыру" бағдар­лама­сы аясында жергілікті музей қыз­меткерлерінің арасында "Сол­түстік Қазақстан облысы киелі жерлерінің картасы" тақы­ры­бымен V облыстық экскурсия жүр­гізушілер байқауы өтті. "Абылай хан резиденциясы" мұражай кеше­нінде ұйымдастырылған іс-шара заманауи қоғам мәдениетіндегі музей ісінің мәртебесін, сондай-ақ, экскурсия жүргізушісінің рөлін арттыруға бағытталды.

Байқауға жалпы білім беретін меке­мелердің тарихи-өлкетану, мемо­риал­дық, ведомстволық музейлерінің 13 экскурсия жүргізушісі қатысты. Олар "СҚО киелі жерлері" онлайн жур­налы, белгілі топқа киелі нысан бо­йын­ша экскурсия жүргізу, "экспромт" кезеңінде эрудицияны, креативтілікті, тапқырлықты көрсету бойынша үш кезеңде бақтарын сынады. Шара ба­рысында қатысушылардың назарына музейдің онлайн жұмыстары бойын­ша шеберлік сыныптары ұсынылды.
Қорытындысында бас жүлдені "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі Әли­асқар Нәбиев жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынға "Тарихи-мәдени мұра­ны қорғау және пайдалану" орта­лы­ғының қызметкері Жанат Баймусенов лайық деп танылса, екінші орынды Есіл және Айыртау аудандарының экскурсия жүргізушілері өзара бөлісті. Үшінші орын облыстық тарихи-өлке­тану және М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті музей­лерінің экскурсия жүргізушілеріне бұйырды. Сонымен қатар Жамбыл ауданының экскурсия жүргізушісі Клара Кошаева "Өз ісіне адал" ата­лымымен марапатталды.

Людмила ШЕРАУХОВА,
"Абылай хан резиденциясы"
мұражай-кешенінің бас қор сақтаушысы.   

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика