Озық жоба авторлары марапатталды

«Дарын» ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қорытындылары жарияланып, солтүстікқазақстандық мұғалімдердің де мерейі үстем болды.

   Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс істеудің тәжірибелік үлгілерін насихаттауды діттеген конкурсқа өңірден ұсынылған 27 авторлық бағдарламаның 22-і ақтық кезеңге жолдама алып, түрлі марапаттарға ие болды.
Екінші дәрежелі дипломмен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Новоишим қазақ мектебінің мұғалімі Әсемгүл Қожахметова мен «ЛОРД» дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың ұстазы Марат Жәпенов марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломға Петропав қаласындағы С. Шәймерденов атындағы классикалық гимназияның мұғалімі Клара Балабекова, Айыртау ауданы № 1 Саумалкөл орта мектебінің ұстазы Светлана Губанова ие болды.
Жекелеген аталымдар бойынша Татьяна Мига /»ЛОРД»/, Инесса Субачева /Айыртау ауданы № 2 Саумалкөл орта мектебі/, Үмітай Жақыпова /қалалық қазақ мектеп гимназиясы, Петропавл қ./, Айсұлу Баязитова /№2 Новоишим орта мектебі/, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Ботагөз Темірболатова /Қаратал орта мектебі Шал ақын ауданы/, Гүлнар Нұрмұхамбетоваға /Саумалкөл қазақ орта мектебі, Айыртау ауданы/ грамоталар тапсырылды.
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика