Денесін күйік шалды

Петропавлда көпқабатты тұр­ғын үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жаудың кесірінен қала тұрғынының денесін 75 пайыз күйік шалды.

Оқыс оқиға Абай көшесі, 59 мекенжайындағы 9 қабатты үйде орын алған. Алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірі отқа оранғаны туралы хабар департа­менттің “101” телефон нөміріне күндізгі сағат 16.13-те түскен. Өртсөндіруші­лер оқиға орнына жеткен кезде үй қою түтінге оранған болатын. Мамандар жедел сатының көмегімен 78 адамды, оның ішінде 18 баланы төмен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Өрт кезінде екі адам ажал аузынан құтқарылды. Атап айтқанда, 47 жастағы мүмкіндігі шектеулі азамат көк түтінге тұншығып, пәтерінде ес-түссіз жатқан. Денесінің 75 пайызы күйік шалған ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал екінші адам өрт басталғанда электр қуаты өшіп, 7-8 қабаттардың арасында тоқтап қалған лифтіден құтқарылды.

Алдын ала болжам бойынша, өрт төсекте шылым шегу салдарынан шығуы мүмкін.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика