Абайсызда көз жұмды

Тайынша ауданының Қарағаш ауы­лында оқыс оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне ол туралы хабар кешкі сағат 17.00 шамасында түседі. Ауыл сыртындағы жергілікті шаруашылықтың шөп қорасының аумағында К-700 тракто­рының жүргізушісі көлікті абайсызда аударып алған. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобының мамандары аттанып, істің мән-жайын анықтады.

Механизатор тракторымен сүрлем шөп шұңқырының қасында жұмыс істеп жүріп, абайсызда техниканы аударып алған. Аударылған кезде кабинасы жапырылып қалған. Кабинадан шығару кезінде 43 жастағы трактор жүргізушісі көз жұмды. Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне “Еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы” бабы бойынша енгізілді. Бірқатар сараптамалар жүргізілмек.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика