Мал ұрлығы азайды

Облыстық полиция департаментінде онлайн режімде жедел кеңес өтіп, тәртіп сақшыларының жарты жылда атқарған жұ­мысы сараланды. Өткен алты айдың қорытындысына сүйен­сек, өңірімізде қылмыс саны төмендепті. Әсіресе, жиі жаса­латын пәтер тонау, ұялы телефон, мал ұрлығы саябырлаған.

Өңірімізде бірінші жартыжылдық­та 2620 қылмыс тіркелсе, бұл былтырғы көрсеткішпен салыс­тыр­­ған­да 24 пайызға төмен. Оның ішінде тәртіп сақшыларының жүйе­лі түрде жүргізген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұр­ғындардың малды еркін жайы­лым­ға жіберуі азайып, қылмыс үш пайызға төмендеді.

– Бүгінгі таңда сандық техноло­гия­лар саласында жасалатын қыл­мыс саны артты. Осы орайда біз бұл саланы қатаң бақылауға ал­дық. Қоғамда цифрландыру ­да­мы­­ған сайын оны теріс мақсатта пай­даланатындар да көбейеді. Көп­ші­лік бұл жағдайдан бейхабар болғандықтан, алаяқтар жиі қол­да­на­тын айла-шарғылар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыста­рын белсенді жүргізуіміз қажет, – деді облыстық полиция департа­мен­ті­нің бастығы, полиция пол­ков­нигі Марат Төлебаев.

Құқықтық тәртіпті сақтауда ма­те­риалдық-техникалық базаны ны­ғайтудың маңызы зор. Өңірімізде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ав­топаркті жаңарту, патрульдік ма­шиналарды стационарлық бейне­ка­мералармен жабдықтау қар­қын­ды жүргізілуде. Әсіресе, жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін қамтама­сыз ету өзектілігін жойған жоқ. Өт­кен алты айда облыс жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушы­лық тіркеліп, 477 мас жүргізуші ұсталды.

Кеңес барысында пандемия­ның салдарынан жұмыс жоспары­на енгізілген өзгерістер жайы да сөз болды. Алайда, оның барлығы қоғамдық тәртіпті сақтап, адам­дар­дың өмірін, құқықтары мен заң­ды мүдделерін қорғауға­ бағыттал­ған. Облыстық полиция департа­менті­нің бастығы Марат Төлебаев же­ке құрамға тұрғындармен­ ты­ғыз байланыс орната отыра, ал­дын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика