БЕС АДАМ СУҒА КЕТТІ

Өткен жұмада облыста 5 адам су құрбаны болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағ­дайлар жөніндегі департаментте өткен бас­пасөз мәслихатында айтылды.

Ведомство бастығының орынбасары Игорь Жуковтың айтуынша, Мағжан Жұма­баев ауданында 1993 жылғы азамат көз жұм­ды. Тепсе темір үзетін жігіт мал бағып жүріп, көл­дің рұқсат етілмеген жерінде суға шо­мылған.

– 12 шілде күні, сағат 19.37-де департа­мент­тің 112 нөміріне жергілікті тұрғынның суға батып кеткендігі туралы хабар түсті. Көз жұмған азамат Ұзынкөл ауылының тұрғыны. “Ащы суға” тойып алған ер адам рұқсат етіл­меген аумақта шомылған. Ол жердегі көлдің тереңдігі екі метрден асады. Бұл сол күні орын алған жалғыз қайғылы оқиға емес. Өкі­нішке қарай, Айыртау ауданында да адам өлімі тіркелді. 39 жастағы жергілікті тұрғын отбасымен бірге “Кіші Қоскөл” көлінің жаға­сында демалған. Алайда, азамат көлдің те­рең жерінде жүземін деп, суға батып кетті, – деді Игорь Жуков.

Қайғылы жағдайлардың бірі Есіл ауда­нын­да болды. Ата-анасына қонаққа келген 30 жастағы азамат ажал құшты. Жігіт түстен ке­йін Есіл өзеніне шомылуға барған. Үйден шы­ғып кетіп, қайта оралмаған азаматты туыс­тары мен достары іздейді. Алайда, өзен жа­ға­сынан оның тек киімдерін тапқан соң оқиға орнына аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандарын шақырады. Екі күн бойы іздес­тіру жұмыстарын жүргізген құтқарушылар тұрғынның мәйітін тапты.

Баяндамашының айтуынша, биылғы шо­мы­лу маусымы басталғалы өңірімізде 8 адам су құрбаны болды. Бұл – өткен жылдың сәй­кес мерзімімен салыстарғанда екі есеге ар­тық. Брифингте 6-12 шілде аралығында орын алған өрт оқиғалары жайлы да баяндалды. Соңғы аптада 47 төтенше жағдай тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құт­қа­рушылардың көмегімен 5 солтүстікқа­зақ­стандық өлім аузынан қалды, біреуі – бала.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика