ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ
- Жаңартылды 22 Маусым 2020
- Қаралды: 1274
Халықтың билікке деген сенімі мемлекеттік қызметшілерден басталады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер барынша жетілдірілген әдістермен жұмыс істеп, қоғамның барлық сұранысын ескеріп, еңбек етуде. Халықтың тұрмыс деңгейі мен жалпыұлттық жобалар мен бағдарламалардың сәттілікпен іске асуы мемлекеттік қызметкердің жұмыс сапасына тікелей байланысты.
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге туған Қазақстанымызға қызмет ету жолындағы еңбектеріңіз табысты, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман болуын тілеймін.
Сондай-ақ, бұл күні полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Ішкі істер органдарының ардагерлерін, тәртіп сақшыларын Қазақстан полициясы күні мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Темірғали ӘБІЛМӘЖІНОВ,
“Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.