ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Жыл сайын қаһармандыққа толы әскери жылдар алыстап келеді, алайда халықтың ерлігі және оның барша адамзат тағдыры үшін тарихи маңыздылығын уақыт өшіре алмайды.

Биыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында фашизмді тізе бүктіріп, Жеңіске жеткенімізге 75 жыл толды. Біздің жерлестеріміз сұрапыл соғыс жылдары балалары, немерелері мен шөберелерінің келешегі үшін жанын аямай, ерлік көрсете білді.
Біз жерлестеріміздің алдында олардың ерлігі үшін бас иіп, өзінің өмірі мен денсаулығын құрбан еткендерге құрмет көрсете отырып, коронавирус індеті салдарынан Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты Сіздерді 23 мамыр күні сағат 10.00-де кешіктіріліп өткізілетін қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз. Сенбіліктен түскен қаражатты соғыс ардагерлеріне қолдау көрсету үшін қайырымдылық іс-шараларын өткізуге жұмсауды ұсынамыз.
Осылайша, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мәселелеріне қоғамның назарын аударып, патриотизмді дамытуға үлес қосуды мақсат тұтып отырмыз.
Ұйымдар, ведомстволар мен барлық меншік нысандарының, оқушылар мен студенттердің, облыстың әрбір тұрғынының біздің ұсынысымызға атсалысуын, сенбілік күні көшелер мен аулаларды тазартуға, соғыс және еңбек ардагерлерінің, жалғызбасты мүгедектердің үйлерін жөндеуге көмек көрсетуге, сөйтіп туған өлкемізді көркейтуге өз үлестерін қосуларын сұраймыз.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары! Қайырымдылық сенбілігінің нәтижесі көбінесе Сіздердің жеке белсенді іс-әрекеттеріңізге байланысты болмақ!


Қайырымдылық сенбілігін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.
 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика