МҰҒАЛІМНІҢ БАЛАСЫ КЕЗЕКСІЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Бүгінгі таңда облыс орталығында балабақша кезегінде алты жарым мыңнан астам бүлдіршін тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда үш жарым мыңға аз.

Осыған дейін әскери және арнайы орган қызметкерлерінің балаларына, көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ерекше білім беруді қажет ететіндерге кезектен тыс орын берілетін. Үстіміздегі жылы қабылданған “Педагог мәртебесі туралы” заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтардың балаларын тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезектен тыс орналастыруға міндетті.
– Педагог қызметкерлер “indigo24kz” сайтына жеке кабинет арқылы кіріп, құпия сөзді енгізгеннен кейін өтініш берушінің ЖСН-ін теріп, “Менің өтінішім” бөлімін тауып, жеңілдікті растауы қажет. Жеңілдікті растау үшін жұмыс орнынан анықтама алу қажет. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы балабақшалар мен мектептерде 3377 педагог еңбек етуде, – дейді Петропавл қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім секторының меңгерушісі Сайран Испандиярова.
Екі жыл бұрын Петропавл қаласындағы барлық балабақшалар жолдама берудің автоматтандырылған жүйесіне көшкені белгілі. Ал өткен жылдан бері ата-аналарға жаздың басында алдын ала тапсырыс беру арқылы балабақшаға жолдама алу мүмкіндігі жасалды. Биыл да осы мүмкіндікті пайдаланған ата-аналар 15 мамырдан бастап жолдамаға алдын ала тапсырыс беруде.

 

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика