МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Тәуелсіз Қазақстанның трендтері – «Мәңгілік елдегі» Ұлы дала энергиясы»  атты ғылыми-теориялық семинар өтті. Шараны Ұлттық ұлан әскери институтының жалпы білім беру кафедрсы мен кітапхана бірігіп ұйымдастырды. Семинар жұмысына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен Ұлттық ұлан әскери институтының офицерлері, келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер мен оқытушылар және курсанттар қатысты.

Жиын ұйымдастырушыларының пікірінше, ғылыми-тәжірибелік семинарды өткізудегі басты мақсат – барлық қазақстандықтардың бірегей тарихи миссиясы болып табылатын «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау. Бұл идея біздің халқымыздың көпғасырлық арманына айналып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. Баяндамашылар қоғамдық сананы жаңғырту контексінде «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын одан әрі зерттеу және ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті.

– Жиын соңында әскери қызметкерлердің қатысуымен семинар өткізу дәстүрін жалғастыру, осы тақырып бойынша материалдар жинағын шығару және оны Ұлттық ұланның білім беру-тәрбие қызметімен айналысатын офицерлеріне арналған әдістемелік құрал ретінде пайдалану ұсынылды, – дейді Ұлттық ұлан әскери институтының оқытушысы Гульназым Байсалдина.

Семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, талқыланған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика