Білімді ұрпақ — еліміздің ертеңі

“Ежелден үй саны 60-тан аспаған бөлімше едіңіздер. Бұрынғы әлеуетті кеңшар орта­лық­тары тарап жатқанда орта мектепті ұстап қал­ғандарыңыз қуантады”, – деген сөздерді жиі ес­тимін. Иә, ауыл – қазақтың күретамыры, ана тіліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдениеті­міз­дің, бір сөзбен айтқанда, ұлттық құндылық­тарымыздың қайнар көзі ғой. Кеңес ауылы – бір-біріне ағайын, құда-жекжат, қойы қоралас, қазаны аралас шағын елді мекендердің бірі. Мұнда 1930 жылдары бастауыш мектеп ашыл­ған. 1980 жылы негізгі, 2000 жылы орта мек­теп мәртебесін алды. Тәуелсіздік алған­нан бері 228 түлек қанат қағып, екеуі “Алтын бел­гі”, сегіз шәкіртіміз үздік аттестат иегері атанды. 1997 жылы мектеп директорлығына Қа­зақстан Республикасы білім беру ісінің үз­дігі Балапан Базарбекова тағайындалып, көп­теген игілікті шаралардың бастамашысы бол­ды. Кәсіби шеберлігі жоғары педагогикалық ұжым қалыптастыра білді. Ардагер ұстаз эс­та­фетасын маған сеніп тапсырды, бүгінде сол аманатты абыроймен орындаудың, биік үде­ден көрінудің жолын қарастырып келемін.

Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіз жүйесін қалыптастырып, оны одан әрі жақсартуды басты борыш санайды. Қазіргі таң­да оқушыларды шығармашылыққа баулу­дың, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Білім беру бағдарламасын жү­зеге асыру, ұлттық, азаматтық құндылықтар­ды қалыптастыру, үш тілді меңгерту, сынып­тар­ды компьютерлендіру бағыттарында алға жылжудамыз. Ғылыми негіздер бойынша бі­лім беретін пән кабинеттері ашылды. Биыл мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, сәу­летті білім орнына айналды.

Мектепте еңбек ететін 22 ұстаздың 40 па­йызы – педагог-зерттеуші, тағы сонша мұға­лім – педагог-сарапшы, 5 пайызы – педагог-мо­дератор. “Үздік ұстаз” марапатының иегер­лері Шынар Төкенова, Маржан Адырбаева, Сал­танат Нығметова және тағы басқалары­ның есімдерін құрметпен атауға болады. Қа­зақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Нә­зира Сыздықова жақында “Үздік педагог-2021” республикалық байқауында топ жарып, Білім және ғылым министрінің қолынан ар­найы төсбелгі мен 2,9 млн. теңгенің серти­фикатын алды.

Оқушыларымыздың жетістіктері де бір тө­бе. Айғаным Амангелді деген оқушымыз рес­публикалық пән олимпиадасында математи­ка пәнінен жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына ие болды. “Бес тас” сайысынан мектеп коман­да­сы 1-орынды иемденді. Жансая Қайна­ше­ва “Яссауи оқуларына” қатысып, үздік нәтиже көр­сетті.

Сырым МҰХАМЕДИН,

Кеңес орта мектебінің директоры.

Шал ақын ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика