Асханасы жоқ

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мек­теп­терге жүргізілген мониторинг қорытындыларын шығарды.

Білім саласындағы сапаны қам­та­масыз ету департаменті 462 мек­тепке тексеру шараларын ұйымдас­тырып, 34 бастауыш және негізгі ша­ғын жинақты мектепте тамақтану ны­сандары жоғын, 83 білім ошағында оқушыларды ыстық тамақпен қам­та­масыз ету келісімшарттары жа­сал­ма­ғанын анықтады. Балалар са­ны­ның аздығына және аудан орта­лы­ғы­нан алыстығына байланысты кә­сіп­керлер ыстық тамақпен қамта­ма­сыз етуге ниет білдіре бермейді екен.

– 70 білім беру ұйымының та­мақ­тану орындары санитарлық талаптарға сәйкес ке­летіні жөнінде қорытындылар ұсы­ныл­маған. Бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастыруға жеке кәсіп иелері құ­лықсыз. Олар­дың жиі ауысуы да іс­ке белгілі дә­ре­жеде кедергі келтіре­ді, – деді қо­ғамдық кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеген облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ай­на­гүл Сұрағанова.

Барлық орта мектептерде ком­пью­терлік сыныптар мен компью­тер­лер жеткілікті болғанымен, кей­бірінде интернетке қосылу жылдам­ды­ғы өте төмен.

Білім мен ғылымды дамыту жө­нін­дегі кеңес мүшелері жауапты ве­домство басшыларына монито­ринг барысында анықталған кемші­ліктерді жоюды ұсынды.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.⠀

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика