Ұшырдың баптап ұядан

Жақсы мұғалімнің тәрбиесін көрген біз өзімізді шын мәнінде бақытты сезінеміз, болашағы­мыздың жарқын боларына сене­міз. 11 жыл бойы білім алған Озерный орта мектебінің бі­лімді де білікті ұстаздары жай­лы айтарымыз көп, алғысы­мыз шексіз.

Мектеп табалдырығын алғаш ат­таған кезде Орынтай Кәрімова апай­дың күлімсіреп, жылы жүзбен қарсы алғаны, аса ыждаhаттылық­пен білмегенімізді үйреткені әлі есі­мізде. 3 және 4 сыныптарда Сәуле Белгібаева апай білім негізі бас­та­уышта екенін санамызға сіңіре біл­ді. Ақжарқын кейпімен сыныпқа кі­ріп келгенде айнала жылы шуаққа бөленіп қоя беретін. 5-сыныпта өзі шебер, өзі сұлу Арайлым Асқар­қызы сурет салудың қыр-сырына үйретті әрі сынып жетекшіміз бол­ды. Гауһар Зейноллақызы ағыл­шын тілінен сауатымызды ашты. Гул­мия Амангелдіқызының биоло­гия, химия сабақтары қызықты өте­тін. Информатика әлемімен Орын­тай Хабиболлақызы таныстырса, Саян Құрманбаев математика, фи­зика, алгебрадан есеп шығаруды үйретті. Өзін-өзі тану пәнінің мұ­ға­лімі Галия Омарованың сабағын та­ғатсыздана күтетінбіз.

Бастауыш сынып мұғалімі Бөта­гөз Белгібаева, тарихшы әрі географ Гүлзат Есімова, қолөнерге бау­лыған Айгүл Аушахметова, тағы бас­қаларының есімдерін ерекше мақ­танышпен атаймыз. Қазіргі сы­нып жетекшіміз Шолпан Рамазан­қызы ешқайсымызды бөліп-жармай өз баласындай көреді. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалім­дері Қа­нат Құдияров пен Қуаныш­бек Есі­мов ағайлар үнемі сабақтан тыс уа­қытта спорт үйірмелеріне қатысуға үгіттеп жүргені. Ақ жолдан адас­тыр­маған аяулы ұстаздарымызды төл мерекемен шын жүректен құт­тық­таймыз. Зор денсаулық тілейміз.

Жарқынай ӘШІМОВА, Айшабибі ТОҚТАРОВА, Ринат ИДИЯТОВ, 11-сынып оқушылары.

Уәлиханов ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика