Кемтарлық кедергі емес

Ерекше білім беру қажеттілігі – өрке­ниет­­ті елдерде ежелден кеңінен таралып, әбден қалыптасқан түсінік. Яғни, инклю­зивті білім берудің принциптеріне сәйкес әр оқушының білім алуы, оған барлық жағ­дай­лардың жасалуы қатаң қадағаланып оты­рылады. Психологиялық-педагогикалық әдіс­тер арқылы жүзеге асырылатын білім беру үдерісі жүйесінде балалардың тең дә­режеде және еш кедергісіз оқуы – басты шарт. Қазақстанның қолданыстағы заңна­ма­­ла­­рында бала­лар­­­ды қорғау мәсе­лесі ха­лық­аралық құжат­тарға сәйкестенді­ріл­ген. Елі­мізде білім бе­руді дамытудың мемле­кет­тік бағдарлама­сы­на орай инклю­зивті оқыту 2011 жылдан ен­гізіле бастады. 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық даму жос­па­рында ерек­ше білім бе­руге қажет­тілігі бар адамдар үшін қол­жетімділікті қам­тама­сыз ету қа­растырыл­ған. Бүгінде елі­мізде оқу­шы­лар­дың да­муын­дағы ауытқу­шы­лық­тың салда­рынан туындайтын ерек­ше білім бе­ру қа­жеттілік­те­рі тек арнайы мек­теп­тер­де ғана толық кө­лемде қанағаттан­дырыла­ды. Олар­да пси­хологиялық-медициналықпе­да­гогикалық ке­ңестің қоры­тын­­дысы мен ұсыныстарын алған мектеп жасындағы ба­ла­лардың 14,2 пайызы оқиды.

Білім және ғылым министрінің бұйрығы­мен балалардың құқықтары мен мүдде­ле­рін қорғау мәселелері бойынша білім сала­сындағы сапаны қамтамасыз ету департа­ментінің функционалдық міндеттері кеңей­тілді. “Қазақстан Республикасындағы “Ба­ланың құқықтары туралы” Қазақстан Рес­публикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы педагогикалық тәсіл­дерге мұқтаж кемтар балалардың белгі­ленген стандарттар деңгейінде білім алуы­на мемлекеттік қазынадан кепілдік беретін қосымша қаражат бөлінеді. Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 18 жасқа дейінгі 4060 бала есепке алынған. Осыған орай, 458 мектепте осы санаттағы балалар мен мүгедек балалардың білімге қолже­тімділігін қамтамасыз ету мақсатымен “ке­дергісіз аймақтар” құрылған. Бүгінде 269 мек­тепте 1307 бала инклюзивті білім ала­ды. Бұдан бөлек, облыс орталығында ау­тист балаларға арналған 2 ресурстық ин­клюзивті кабинет жұмыс істейді.

2019-2021 жылдар аралығында барлық аудандарда ерекше білім беру қажетті­лік­тері бар балалар үшін инклюзивті қолдау сы­ныптары ұйымдастырылып, жергілікті жер­лерде де осы санаттағы балаларды пси­хологиялық-педагогикалық жағынан қол­дайтын жағдайлар жасалды. Және де 3 психологиялық-медициналық-педагогика­лық консультациялық орталық пен16 пси­хологиялық-педагогикалық түзету кабине­тіне, 97 логопедтік пунктке 667 бала бара­ды. Осыдан екі жыл бұрын “Асыл мирас” аутизм орталығы жанында психологиялық-пе­дагогикалық түзету кабинеті жұмыс істей бастаған болатын.

2020-2021 оқу жылында жан басына нор­мативтік қаржыландыру әдістемесіне өңір­ден 47 мектеп кірді. Олардағы 373 оқу­шының 303-і жалпы білім беретін сынып­тарда, 27-і түзету сыныптарында, 43-і үйле­рінде білім алады. Жыл өткен сайын мате­риалдық-техникалық базаны жаңартуға көп көңіл бөлініп келеді. 10 мектепке ком­пьютерлік техника, жиһаз, инклюзивті білім беруге арналған арнайы аппаратуралар сатып алынды. Психологиялық­-меди­циналық-педагогикалық консультациялар­дың ұсынымы бойынша педагог-ассистенттердің 27 лауазымы енгізілді. Қазір 7 арнайы түзету мектеп-интернатында 577 оқушы оқып, тәлім-тәрбие алады.

Жуырда арнайы топ Тайынша қаласын­да 2016 жылы ашылған педагогикалық-пси­хо­ло­гиялық түзету кабинетінде болып, инклюзивті білім бе­рудің жайымен та­нысты. Осында оқитын 40-қа жуық балаға логопед, дефектолог, психо­лог маман­дары кешенді түрде көмек бере­ді. Каби­неттер арнайы жабдықтармен, оқу-әдіс­темелік құралдармен қамтамасыз етіл­ген. Емдік-дене шынықтыру залы барлық та­лап­тарға сай. Жұмыс мәселелерін тал­қы­лау барысында кабинет меңгерушісі Иван Бурковский балалар санының өсуіне бай­ланысты бөлмелерді кеңейту қажеттігі туын­дап отырғанын жеткізді.

Осындай мекемелердегі балалардың білім алу, тамақтану, демалу, сауықтыру жә­не бос уақытты ұйымдастыру құқықта­рының қорғалуы бойынша мониторниг жүйелі түрде жүргізіліп, қорытындылары Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданып отырылады. Талдау көрсеткен­дей, мектептерде педагог-психологтар, әлеу­­мет­тік педагогтар, арнайы жабдық­тал­ған ка­бинеттер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құ­ралдар жетіспейді.

Ғалия ІЛИЯСОВА,

білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика