Ұстаздар олимпиадасы

Облыста мұғалімдер арасындағы пән олимпиада­­­сы 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы дәстүрлі шара пән мұғалімдері қауымдас­тығының қолдауымен 31 наурызға дейін жалғасып, аудандық кезеңнің 100-ден аса жеңімпазы өзара бақ сынасады. Бұған дейін өткізілген аудан­дық кезеңдерге 2 мыңнан астам ұстаз қатысқан болатын.

Өткен жылы байқау тек химия және биология пәні мұғалімдерінің арасында өткізілсе, биыл ауқымы кеңейіп, физика, математика, тарих, география, қазақ тілі пәндері және бастауыш сынып ұстаздарын қамтып отыр. Басты мақсат – үздік те талантты мұғалімдерді анықтау.
Олимпиада жеңімпаздары марапатталып, сертификаттар тапсырылады.

Айгүл ЖЫЛҚОЖИНА,
әдістемелік орталық және ақпараттық технологиялар орталығы
директорының орынбасары. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика