КӨБІ ТЕГІН ОҚИДЫ

Облыс аумағында орналасқан колледж сту­денттерінің басым көпшілігі тегін білім алады.

Бүгінгі таңда 25 оқу орны техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даяр­лайды. Статистика департаментінің деректері бо­йынша мамандар даярлауға 1012 оқытушы жұмылдырылса, 298-і – жоғары санатты, 222-сі – бірінші санатты, 217-сі – екінші санатты, 275-і – санатсыз.
2020-2021 оқу жылы 3880 үміткер оқуға қабылданды. Бұл – алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға көп. Қабылданған студенттердің жалпы санының 22,7 пайызы – ақылы, 77,3 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. 2019-2020 оқу жылына қарағанда студент­тердің саны 2,1 пайызға азайып, 10 724 адам­ды құрады. Оның ішінде 47,2 пайызы – қыз­дар. Мемлекеттік тілде білім алатындардың саны – 15 пайыз.
Студенттердің 90,7 пайызы – күндізгі, 8,8 пайызы – сырттай, 0,5 пайызы кешкі оқу бөлімінде оқиды.
2020-2021 оқу жылының басында 3716 тү­лек мамандық алып шыққан. Бұл – алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға артық.

Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика