Бизнес пен білім сабақтастығы

Экономиканың негізгі қозғаушы күші – кә­сіп­керлік десек, шағын және орта бизнес субьек­тілерінің дамуын озық инновациялар­сыз көзге елестетудің өзі қиын. Заман ағы­мына орай үнемі жаңарып отыруды қажет ете­тін саланың бәсекелестік қабілеттілігі білім­мен тығыз сабақтас екенін жұртшылықтың ес­кере бермейтіні өкінішті. Бизнес – өзіндік қиындығы мен ерекшелігі мол процесс бол­ғандықтан, оның әліппесін меңгерудің ма­ңы­зы айтпаса да түсінікті. Күрделілігі сонда, бі­лім мен тәжірибенің жетіспеушілігінен мем­лекет, қаражат және адами капиталға негіз­делгеннің өзінде кәсібін нәсіпке айналдыра алмай, оның ақыры банкротқа ұшырап жата­тын сәттер аз кездеспейді. Мұның бір ұшы бі­лікті кадрлар даярлау ісінің кенжелеп қал­ға­нына келіп тіреледі. Жасыратыны жоқ, жер­гілікті жерлерде ғылыми-зерттеу жұмыстары­мен айналысатын талантты жастардың бел­сенді қызметін өз дәрежесінде қамтамасыз ете алмай келеміз.

Проблемалардың ең үлкені түлектердің биз­неске араласақанда төмен дайындық дең­гейінің, кейбірінің мүлдем қабілетсіздігінің бі­лі­ніп қалатыны ойландырмай қоймайды. Сту­денттерге есеп пәндерін оқыту жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Ол, біріншіден, бух­галтерлік есеп ғылымының әзірлемелеріне қатысты болса, екіншіден, оқу процесінде ғы­лыми-зерттеулер назарға алына бермейді. Үшін­шіден, бизнес тапсырыстарды орындау­ға уақыт аз бөлінеді. Ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізетін орындар тапшы. Жоғары экономика мектебі мамандарының пікірінше, толыққанды білім беру талаптарын кешенді ұйымдастыру жайы да ақсап тұр. Сондықтан білім берудегі инновацияның бастауы ре­тінде оқытудың, оның принциптерін жетіл­діру­дің, толықтырудың, бүгінгі заман ағымы­мен, алға қойған мақсаттармен үйлестірудің мәні айрықша.
Студенттерді мамандығын жете білуге бау­лу, ғылыми-техникалық құралдарды пай­да­лана білуге үйрету, ақпараттық және тех­но­ло­гиялық дағдыларды ұйымдастырудың тиім­ді тәсілдеріне көшу – келелі міндеттердің бірі. Болашақ мамандар жұмысының оқу-зерттеу процесін ұйымдастыру, ақпараттық тех­нологиялар деңгейін бақылау, қызмет нә­ти­желерін есепке алу және бағалау, кейін кә­сі­би қызметінде қолдануға ықпал ету, ақпа­раттық-техникалық қызметі мен оның жеке тәжірибесі арасындағы байланысты салыс­тыру, алған білімді тәжірибеде жарата білу бірден-бір дұрыс шешім қабылдаудың жолы саналары анық.
Жаһандану үдерісі жаңа пәндердің пайда болуына ықпал етіп, ғылыми-зерттеу бағыт­та­рын түбегейлі өзгертті. Бүгінгі таңда қолда­ныстағы пәндер бойынша әдістемелік нұс­қау­лар әзірлеу, курстық және дипломдық жұ­мыстар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өткізу үшін тақырыптар таңдау сипаты да басқаша. Күнделікті болып жатқан инновациялық құбылыстар мен негізгі білім беру жаңалықтарын, білім беру про­це­сінің тиімділігін арттыруға арналған ұсыныс­тар мен жаңашылдықтарды ескермей және болмайды. Осындай өзекті де өткір мәсе­ле­лер­ді шешу қоғам қойған талаптармен қоса білім берудегі озық технологиялар үрдісі ретінде түсіндірілуі тиіс.
Жоғары бәсекелі еңбек нарығында ілім-бі­лімге деген қызығушылық ерен. Тіпті тұ­рақты жұмысқа орналасудың басты кілті дер едім. Дей тұрсақ та, еуропалық әдістерге елік­теуден әлі арылып болған жоқпыз. Бұл жайт кадрлар даярлаумен айналысатын жо­ғары оқу орындарында жиі кездеседі. Білім берудің стандартты емес түрлерін жетілді­рудің орнына, Президентіміз өткір сынға ал­ғандай, оларда әйтеуір диплом берсек деген пиғыл басым. Сондықтан инновацияға сүйе­не­тін оқу орындарының артықшылығын кол­ледждерге де тәжірибе ретінде енгізу артық­тық етпейді. Электронды оқулықтар, ғылыми интернет-ресурстар, әртүрлі интерактивті және іскер ойындар, тренингтер, дербес ком­пьютерлермен жабдықталған зертханалар, механикалық зертханалық кешендер, меха­никалық кеңес беру жүйелері – кәсіби ма­мандар даярлаудың берік алғышарты.
Колледждерде білім берудің теориясы мен әдістемесіне түбегейлі өзгерістер енгізу – алдағы күннің еншісі. Бірақ шетел ғалымда­ры инновацияны инновация үшін ғана жа­сау­ға болмайтынын ескертеді. Шынында да, кез келген озық жобаларды жүзеге асыру бары­сында артық-кемін бағамдап, ой елегінен өт­кізу инновациялық технологияларды зерт­теу­дің қарымдылығын арттыра түсері анық. Инновациялық даму жолына көшу адами ка­питалға ауқымды қаражат құюды көздейді. Мем­лекет басшысы атап өткендей, еліміздің бо­лашақ өмірі адамдардың алған біліміне, сондай-ақ, олардың өзін-өзі жетілдіруге де­ген талпынысына көп байланысты. Қатал жа­һандық бәсекелестік жағдайында ұлттық бі­лім жүйесі басты өмірлік құндылық болып қа­ла береді. Білім ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі арқауына айналғанда әлеуеті толық ашылады. Сонда ғана ғылыми-зерттеу қыз­ме­ті­мен айналысатын талантты жастардың белсенді тобы пайда болады. Білікті маман ғана инновациялық технологияларды талап­қа сай орнықтырып, елімізді өркениет көшіне ілестіре алады.
Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА,
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика