НЕ ЖЕТЕДІ СӘБИДІҢ ІҢГӘСІНЕ?

Қызылжарлық Әйгерімнің үл­кен әулетке келін боп түскеніне он жылдан асты. Бірақ әлі күнге де­йін сәби сүйе алмай жүр. Осыдан жеті жыл бұрын денсаулығынан кінәрат тапқан ақ халаттылардың ұйғарымымен екі рет жасанды түсік жасатуға тура келген. Бұдан соң дәрігерлер жатыр түтігін алып тастаған. Басқа амалы қалмаған келіншек енді жасанды жолмен ұрықтандыруды байқап көрмекші.

Елімізде жыл өткен сайын Әй­герім сынды сәби сүйе алмай отыр­ған әйелдердің қатары көбе­йіп барады. Мәселен, облысымыз бойынша отбасылардың 30 па­йы­­зы бала күлкісіне зәру деген де­рек бар. Сауалнама көрсеткен­дей, жерлестеріміздің 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негізгі се­беп деп санайды. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасының өзін­де ата-ана атануға ниетті 2 мың­нан астам жұп тіркелген екен. Құзырлы органның мәліметінше, олардың ішінде 860 келіншек бір­де-бір рет бала көтермеген. Дәрі­герлер мұндай жағдайдың белең алуына бірнеше фактор әсер ете­тінін айтады. Атап айтсақ, бұл ті­зім­нің ең басында экологиялық жағ­дай, күнделікті тағам сапасы­ның нашарлауы, қыз-келіншектер­дің өз денсаулығына жүрдім-бардым қарауы сияқты жайттар тұр. Өндіріс ошақтарының кө­бе­юі, ауаға таралатын улы заттар­дың артуы репродуктивті жаста­ғы­лардың денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайтыны тағы бар. Осының салдарынан жыл өт­кен сайын халық арасында нә­рес­телі болу мүмкіндігі төмендеп, ауру­лар түрі де, саны да көбей­ген.

Сондай-ақ, бедеулікке жыныс­тық қатынас мәселесіндегі білім­сіз­дік те себеп болуда дейді ма­ман­дар. Кездейсоқ адаммен жы­ныс­тық қатынасқа түсу, ер адам­да да, әйелде де ұрық санының аза­юына және түрлі қабынулар­дың пайда болуына әкеліп соқ­тырады. Сондықтан бедеулікті туа­бітті сырқат деп санау – қате­лік. Ол көбіне жүре пайда болып, жоғарыда аталған фактілерден және суық тию мен жыныстық ин­фекциялардың қабынуы салда­ры­нан өрши түседі. Жасанды тү­сік жасату да – екінші рет сәби сүйе алмауға әкеліп соқтыратын себептердің бірі.

Облыстық перинаталдық орта­лық жанындағы бөлімнің меңге­ру­шісі Светлана Дятлова перзент сүюге зар болған жұптардың мә­селесін шешу бағытында бірқа­тар шаралардың қолға алынға­нын айтады.

– Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев өзінің ке­зекті Жолда­уында экстрокорпо­ралды ұрық­тан­дыру бағдарла­ма­лары бойын­ша бөлінетін квота са­нын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе кө­бейту қажетті­гін айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент Үкіметке "Аңсаған сә­би" арнайы бағдар­ла­масын жү­зе­ге асыруды тапсыр­ды. Бұл бас­тама көптеген мәсе­ле­ні шешуге негіз боларына сене­міз, – деген дәрігер бүгінгі күнге де­йін өңіріміз бойынша ЭКО жа­сатуға жылына тек 34 квота бө­лініп келгенін ай­тып, қынжылды. Әрі оның бәрінде дерлік ұрықтан­дыру сәтті бола бермейді. 34-тің, шамамен, 17-20-сында ғана бала бітеді екен.

Жасанды жолмен перзент сүю тәсілі қолға алынғанына да көп уа­қыт өте қойған жоқ. Елімізде ал­ғаш рет 1996 жылы жүзеге асқан. Жасанды жолмен дүниеге келген ал­ғашқы нәресте "Экомед" ме­ди­ци­налық орталығында туған. Соңғы он жылда осы әдіс арқылы перзент сүюге ниетті отбасылар­дың саны көбейіп келеді. Біздің өңір сол тізімнің көш басында тұр. Квота аз бөлінетіндіктен, тұрғын­дар ақылы клиникаларға жүгініп, қыруар қаржы жұмсауда.

– Көп жылдан бері бала сүйе алмай жүрмін. Сол себепті жасан­ды жолмен сәбилі болуға ниетті­мін. Президентіміздің отбасылық-демографиялық жағ­дайды түзеу бойынша бастама­ларын естіген­де, қатты қуандым, – деді Әйге­рім.

Дәрігерлер ұрықтың ағзаға бі­туі, ең алдымен, ананың ден­сау­­лығына, одан алынған эмбрионға тікелей байланысты екенін айта­ды. Тың әдіспен дүниеге келетін ба­ланың денсаулығына күмән­мен қарайтындар да аз емес. Алай­да, бұл баланың денсаулы­ғына ешқандай әсер етпейтінін айта кеткен жөн.

Гүлбике КУБЕНОВА,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика