Өзара пікір алмасты

Облыс орталығындағы №23 мектеп пандемияға бай­ланысты онлайн білім алып жатқан балалар арасында "Бір­ге бақыттымыз!" тақы­рыбында шара өткізді.

Мектеп оқушылары үйде білім алудың пайдасы жайында баян­дап, бір-біріне отбасылық сурет­те­рін жолдады. Сондай-ақ, әлеу­мет­тік желі арқылы ауру жұқтыр­мау­дың жолдарын қызу талқы­лап, бетперде тағу, қолды жиі жуу туралы айтты. Балалардың ата-аналары да бұл бастаманы қол­дап, бос уақытты қызықты өткізу­дің амалдарын жарыса жазды. Мә­селен, 5-сынып оқушысы Ар­тур Голубьтың анасы Ольга В­лерьевна қоғамдық орындарға бару шектелген уақытта отбасы­лық ойындардың маңызы артаты­нын жеткізді. "Мектеп оқушылары қазіргі жағдайда ерекше бақылау­ды қажет етеді. Олар қасымызда деп, арқаны кеңге салудың қажеті жоқ. Мысалы, мектеп жасын­дағы­лар жарты күнін компьютер ал­дын­да отырып, көп уақытын са­бақ оқуға жұмсайды. Мұндай жағ­дайда балаларымыздың көру қа­бі­летіне зиян келуі мүмкін. Оның ал­дын алу үшін аулаға шығып, се­руендеп, түрлі ойындар ойнаған жөн", – деді ол.

Оқушы­лар сынып сағат­та­рында ата-ана мен баланың қа­рым-қатынасы, үл­кенді сыйлау, кі­шіге қамқор болу сияқты тақы­рып­тар аясында сұ­рақ­тарға жа­уап беріп, "Үйде са­бақты қалай оқимыз?" деген ша­ғын бейне­жаз­балар жасап, өзара сайысқа түсті.

Гүлбике КУБЕНОВА,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика