Отбасылық кәсіптің пайдасы

"Бастау" жобасы соңғы бірнеше жылдан бе­рі өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Бұған жо­баның көмегіне жүгініп, кәсібін дөңгелетіп отыр­ған солтүстікқазақтандықтар куә. Ерлі-зайыпты Олег пен Ирина Круш екі жылдан бе­рі мал шаруашылығымен айналысуда. Мам­лют­ка қаласының тұрғындары 2018 жылы "Бас­тау" жобасына қатысып, онлайн курстан өт­кен болатын. Комиссия алдында өз жо­ба­ла­рын сәтті қорғаған соң "Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы облыстық фи­лиалына жүгініп, 4 млн. теңгенің несиесін ре­сімдейді. Бұл қаражатқа 14 сүтті ақбас сиыр жә­не сүт салқындатқыш танкер, сепа­ратор жә­не заманауи сауу құрылғысын са­тып алады.

– Біз "Бастау" жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, мал шараушылығын қолға ал­ғанымызға қуаныштымыз. Өздерінің бар біл­генін үйреткен бизнес-жаттықтырушы­ларға, қар­жылай қолдау көрсеткен қордың және ау­дан­дық кәсіпкерлер палатасының маманда­ры­на алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Кәсіби ақыл-кеңестерін берген жергілікті мамандар­дың көмегі зор болды. Мұндай қол­даусыз бас­тамамыздың сәтті басталып, та­бысты болуы екіталай еді, – дейді ағынан жа­рылған Олег Михайлович.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, мал шаруашы­лығымен айналысу екініің бірінің қолынан кел­мейді. Бұл кәсіпке үлкен тәжірибе, қажыр­лы еңбек, ептілік пен шыдамдылық қажет. Осындай қасиеттерге ие ауыл тұрғыны қора­сындағы қара малдың санын 25-ке жеткізді. Ири­на күн сайын сауын апаратының көмегі­мен сауылатын сүттен май айырып, ірімшік пен сыр және тағы басқа тағамдар жасайды. Ке­йін бұл тауарлар ауыл тұрғындары ара­сын­­да сау­даланады. Бір атап өтерлігі, кәсіп­кер бү­гіндері ауылдың екі тұрғынын тұрақты жұмыс­пен қамтып отыр. Сиырларды сауып, күтім жа­сауға көмектесіп жүрген бақташы мен сауыншының жалақылары уақытында тө­леніп тұра­ды.

Қорада негізінен сауын сиырлар болған­дық­тан, ерлі-зайыптылар жемазық құрамын түрлі концентраттармен байыту арқылы сүт өнімділігін арттыруды көздеуде. Бұл үшін қосым­ша құрал-жабдықтар мен техника керек. Мамлютка аудандық кәсіпкерлер палатасы­ның директоры Нина Василенконың айтуын­ша, іскер азаматқа бұл жолы да қаржылай көмек көрсетілген.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика